Қазақстан

Байер КАЗ бас директоры

Management

Лаума Валтере

«Байер КАЗ» ЖШС бас директоры

lauma-valtere

Лаума Валтере Страдыня атындағы Рига университетін фармакология магистрі дәрежесімен бітірген және фармацевтика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Лаума Рига халықаралық экономика және бизнесті басқару мектебінің MBA дәрежесіне ие.


 Лаума Bayer компаниясында 2006 жылы өнімдер жөніндегі менеджері ретінде жұмыс істей бастады. Бұл рөлде ол Bayer брендтерінің танымалдылығын едәуір арттыра алды және Bayer-дің Балтық елдерінің фармацевтикалық нарығында жетекші орынға ие болуына үлес қоса алды. 2015 жылдан бастап Лаума Балтық елдеріндегі коммерциялық операциялардың басшысы болды. Коммерциялық операциялардың басшысы ретінде Лаума нарықтың қиын жағдайында компанияның кірістілігін арттыра алды, сонымен қатар Bayer инновация, медицина және маркетинг бойынша көптеген беделді марапаттарға ие болды.


 Лаума Валтере 2021 жылдың 1 тамызынан бастап «Байер КАЗ» ЖШС Бас директорының рөліне тағайындалды.

LV
Менің үлесім Қазақстандағы пациенттер мен фермерлер үшін Bayer инновациялық өнімдеріне жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Лаума Валтере
,
«Байер КАЗ» ЖШС бас директоры

Бас директормен сұхбат

  • Сіздің Қазақстанда Bayer-ді басқарғаныңызға бір жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қандай нәтижелерге қол жеткізілді
    Менің ойымша, табыс – бұл командалық жұмыс, сондықтан мен жеке жетістіктеріме назар аудармас едім, өйткені прогреске бүкіл ұйымның жалпы күш-жігерімен қол жеткізіледі.

    Ел бойынша Басқарушы кеңеспен бірлесіп біз Қазақстан Республикасында бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 3 стратегиялық бағытты айқындадық, және мен команданың осы маңызды бағыттар бойынша жетістіктерге тартылғанын көргеніме қуаныштымын.
    Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы ұзақ мерзімді серіктесі бола отырып, біз осы саладағы инновациялардың дамуына өз үлесімізді қосуға тырысамыз. Сондықтан Bayer зияткерлік меншік құқығын қорғау тақырыбын насихаттайды және билік пен саланың назарын оның маңыздылығына аударады. Біз әлеуметтік жобаларға бюджетті ұлғайттық, «Аяла» қайырымдылық қорымен ынтымақтастығымыздың арқасында Қостанай қ. облыстық ауруханасының жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімшесі 2021 жылы қажетті жабдықты алды, ал 2022 жылдың соңында реанимациялық жабдық Атырау қ. Қалалық перзентханасына берілді. 
    Pharmaceutical командасымен бірге біз жаңа клиникалық сынақтарды тарту үшін үлкен дайындық жұмыстарын жүргіздік және олардың біріншісі - OASIS-4 (элинзанетант препараты) рандомизацияланған III фазалық клиникалық сынақтың 2023 жылдың қаңтарында басталуын күтеміз. 2020 жылы біз Қазақстанда қуықасты безінің қатерлі ісігі бар науқастарды емдеуге арналған жаңа инновациялық даролутамид препаратын тіркедік және биылғы жылы пациенттерге 2023 жылы қолжетімді болу үшін бірнеше кезеңді аяқтадық.
    Crop Science командасы Қазақстан Республикасында өзінің серіктестері мен агро-өндірушілерді қолдайды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі ретінде жүгерінің жаңа жоғары өнімді будандарын, сондай-ақ фермерлерге осындай қиын жылы дәнді және майлы дақылдардың өнімділігін сақтауға мүмкіндік беретін өсімдіктерді қорғау құралдарын енгізуді атап өтуге болады. 
    Consumer Health командасы ана мен балаға арналған жаңа препараттарды шығарды және сүйек тіні тығыздығын тексерудің әлеуметтік жобасын кеңейтуді жалғастыруда.
    Жалпы, бүкіл команда Қазақстан тұрғындарының денсаулығын жақсарту үшін жұмыс істейді және Bayer инновациялары бұған көмектеседі.
  • Қазір компания үшін не басымдыққа ие?
    Bayer-дің «Аштықсыз және ауруларсыз әлем» миссиясын орындай отырып, біз қазақстандық пациенттер мен фермерлерге инновациялар ендіруге тырысамыз.
    Bayer өз қызметін жүрек-қан тамырлары аурулары, онкология, радиология, офтальмология, әйелдер денсаулығы сияқты маңызды денсаулық сақтау салаларына бағыттайды. Біздің миссиямызға сүйене отырып, біз инновацияларға қол жетімділікті жақсарту үшін тиісті мемлекеттік ұйымдармен ынтымақтасамыз.
    Crop Science-те біздің басты назарымыз – Қазақстанның Агроөнеркәсіптік кешенін, агро-өндірушілері мен серіктестерін қолдау. Команда нарықтың тұқымдар мен өсімдіктерді қорғау құралдары қажеттіліктеріне негізделе отырып, жаңа өнімдерді дамыту үшін жұмыс істейді.
  • Қазақстанда жұмыс істеу қалай екен, Сіздің еліңізбен салыстырғанда қандай ерекшеліктер бар?
    Маған адамдардың жылы шырайы мен сыпайылығы өте ұнайды, және мен Қазақстанның табиғатынан терең әсерге ие болдым. Алматы – өмір мен жұмыс үшін тамаша қала.
    Бизнесте маған бизнестің мемлекеттік құрылымдармен өзара әрекеттесу процедураларын, мысалы, ресми хат алмасу ережелерін үйрену және бейімделу үшін біраз уақыт қажет болды. Жалпы, сандық қолтаңба, сандық байланыс, электрондық денсаулық сақтау және т. б. сияқты бизнеске арналған сандық шешімдер аз. Жеке өзіме қажет болған жағдайда медициналық мекемелер мен мамандар қол жеткізе алатын электронды рецепттер мен электронды медициналық жазбалар жетіспейді.
  • Bayer компаниясындағы жұмысыңыздың құндылығы мен миссиясын неден көресіз? 
    Менің үлесім Қазақстандағы пациенттер мен фермерлер үшін Bayer инновациялық өнімдеріне жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Біздің білім беру және зерттеу қызметіміздің арқасында денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін мамандар құзыретті бола бастағанын көргенде, мен мұны мақтан тұтамын.
    Сондай-ақ мен, менің жұмысым – «Мен Bayer-де жұмыс істеймін» деп мақтанышпен айта алғандай, Bayer әріптестері-қызметкерлерінің мақсаттарына жетуінде ынталандыру және лдау деп санаймын.
  • Сізге қуат-жігерді не береді, бос уақытыңызда немен айналысасыз? 
    Менің негізгі үш қуат көзім – бұл менің отбасым, командам және табиғат. Мен бос уақытымды сәйкесінше – табиғатта отбасыммен және бақшамда өткіземін! Біз бірге өсіп, дамуымыз үшін маған шақыру тастайтын, идеялар мен ұсыныстар жасайтын команда шабыт береді.