Болжамдарға сәйкес жыл басындағы өсудің тежелген қарқыны

cross
  • Концерннің сатылымы 14,389 млрд еуро деңгейінде тұрақтанды (-1,1% валюта бағамдарының ауытқуын, активтерді сатып алу мен сатуды ескере отырып)
    • Глифосат бизнесі тұрақтанды; CropScience дивизионының басқа бөлімшелері жақсы баға динамикасын көрсетті
    • Pharmaceuticals дивизионының жаңа өнімі Қытайдағы тежеуші факторларға қарамастан тұрақты өсуді көрсетті
    • Consumer Health дивизионы дамуын жалғастырды
  • EBITDA көрсеткіші (арнайы салаларды есепке алғанға дейін) 4,471 млрд еуроны (-14,9%) құрады
    • Глифосат пен инфляция кірістілікке теріс әсер етті
    • Pharmaceuticals дивизионы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге инвестициялардың жоғары көлемін сақтап қалды
  • Акцияға шаққандағы негізгі табыс 2,95 еуроны (-16,4%) құрады
  • Таза пайда 2,178 млрд еуроға жетті
  • Бос ақша көлемі 4,102 млрд еуроға төмендеді
  • Концерннің болжамы расталды – диапазонның төменгі шекарасы бойынша мақсаттар орындалады деп күтілуде

Леверкузен, 2023 жылғы 11 мамыр. Bayer болжамдарға сәйкес 2023 жылдың басында баяу өсу қарқынын көрсетті. «Сатылым өткен жылдың тоқсанында өте жоғары нәтижелер көрсетілген кезде қалды», – деп басқарма төрағасы Вернер Бауманн бейсенбі күні бірінші тоқсанның мерзімді есебін ұсынып отыра хабарлады. Ол глифосаттың бизнесі тұрақтана бастағанын, Crop Science дивизионындағы бизнестің басқа бағыттары айтарлықтай өсуді көрсеткенін түсіндірді. Pharmaceuticals дивизионы жаңа өнімнің арқасында өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді, алайда Қытайдағы сатылымға тендерлік процедуралар мен пандемияның салдары қатты әсер етті. Концерннің кірістілігіне глифосат бизнесі мен инфляция, сонымен қатар Pharmaceuticals дивизионындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге инвестициялар кері әсерін тигізді, олардың көлемі жоғары болып қала берді.

Бауманн концерннің 2022 жылғы валюталардың орташа айлық айырбас бағамына негізделген 2023 жылға арналған болжамын растады. Соған қарамастан, ол жылдың қалған бөлігінде Bayer негізінен құрамында глифосат бар өнімнің нарықтық бағасының күтілетін айтарлықтай төмендеуімен байланысты ықтимал тәуекелдерді көретінін айтты. «Біз әлі де жылдың екінші жартысында бизнестің басқа салаларындағы көрсеткіштер жақсарады деп күтеміз, – Бауманн атап өтті. – Жалпы біз болжамның төменгі шегі бойынша мақсаттарымызды орындаймыз деп күтеміз».

Концерннің сату көлемі валюта бағамдарының, активтерді сатып алу мен сатудың ауытқуын ескере отырып, 2023 жылдың бірінші тоқсанында 1,1%-ға, 14,389 млрд еуроға дейін қысқарды. Сатылымның өсуіне 102 млн еуро мөлшеріндегі оң бағамдық айырмашылық ықпал етті (2022 жылдың бірінші тоқсаны: 529 млн еуро). EBITDA көрсеткіші (арнайы салаларды есепке алғанға дейін) 14,9%-ға, 4,471 млрд еуроға дейін төмендеді. EBIT көрсеткіші 431 млн еуро мөлшерінде қосымша таза шығыстарды есепке алғаннан кейін, 29,4%-ға, 2,973 млрд еуроға дейін төмендеді (2022 жылдың бірінші тоқсаны: 40 млн еуро мөлшеріндегі қосымша таза пайда). Қосымша шығындар негізінен глифосаттың нарықтық бағасының күтілетін айтарлықтай төмендеуіне байланысты шығынды қамтыды. Таза пайда 33,8%-ға, 2,178 млрд еуроға дейін қысқарды, акцияға таза кіріс 16,4%-ға, 2,95 еуроға дейін төмендеді.
 

Crop Science дивизионы глифосат бизнесінен тыс өсуді көрсетті
Ауыл шаруашылығы бизнесінде (Crop Science дивизионы) сату көлемі 1,1%-ға (валюта бағамдарының ауытқуын, активтерді сатып алу мен сатуды ескере отырып) 8,351 млрд еуроға дейін қысқарды. Глифосат бизнесін қоспағанда, Crop Science дивизионының сатылымы шамамен 8%-ға (валюта бағамдарының ауытқуын, активтерді сатып алу мен сатуды ескере отырып) өсті.
 

Pharmaceuticals дивизионы жаңа өнімді сатудан пайда тапты
Рецептік препараттарды сату көлемі (Pharmaceuticals дивизионы) 3,1%-ға (валюта бағамдарының ауытқуын, активтерді сатып алу мен сатуды ескере отырып), 4,407 млрд еуроға дейін қысқарды, бұл негізінен тендерлік процедуралардың әсерінен және Қытайдағы пандемия жағдайынан туындады.


Pharmaceuticals дивизионының EBITDA (арнайы салаларды есепке алғанға дейін) көрсеткіші 20,4%-ға, 1,106 млрд еуроға дейін төмендеді, бұл негізінен төмен сатылымдармен түсіндіріледі. Дивизион сонымен қатар жасушалық және гендік терапия мен химопротеомика саласындағы технологияларды, сондай-ақ клиникалық сынақтардың соңғы кезеңдеріндегі жобаларды ғылыми зерттеуге және әзірлеуге инвестиция көлемін арттырды.


Consumer Health дивизионы бизнесті дамытудың жоғары деңгейін сақтай отырып, өсуді жалғастырды
Consumer Health дивизионының сату көлемі 2022 жылдың бірінші тоқсанында айтарлықтай өсу аясында 4,1%-ға (валюта бағамдарының, активтерді сатып алу мен сатудың ауытқуын ескере отырып), 1,573 млрд еуроға дейін ұлғайды.


Consumer Health дивизионының EBITDA (арнайы салаларды есепке алғанға дейін) көрсеткіші 2,3%-ға, 379 млн еуроға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың бірінші тоқсанының жоғары нәтижелерін, сондай-ақ инфляцияға және инновациялық өнімнің, атап айтқанда Аstepro™ препаратының маркетингіне инвестицияларға байланысты шығыстардың айтарлықтай ұлғаюын көрсетеді.


Ағылшын тіліндегі пресс-релиз сілтеме арқылы қол жетімді.