Қыркүйек айында біз Байер концернде жыл сайын өткізілетін Қауіпсіздік күнін атап өттік. Биылғы жылдың тақырыбы Өрт қауіпсіздігі болды.
Осы шуақты күнде Қазақстандағы бүкіл Байер тобы жиналды. Іс-шара қысқа Ice Breaker-мен басталды, оның барысында топтар өздерін таныстырды. Бұл көңілді және тартымды өтті.
Содан кейін әріптестер топқа бөлініп әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған - Өрт сөндіргіштер және өрт сөндіру, Үйдегі төтенше жағдайлар және қолда бар өрт сөндіру жабдықтары және т.б. тақырыптарға арналған алты станцияны аяқтады.
Нұсқаушылар нақты жағдаяттар туралы айтып, қалай әрекет ету керектігін іс жүзінде көрсетті.
Қатысушылар көптеген пайдалы ақпарат алды, әртүрлі департаменттер мен қалалардағы әріптестерімен араласып, ашық ауада тамаша уақыт өткізді.