Миллион Қадам Жүз Күнде

Apple watch

Биыл компания басшылығы денсаулықты сақтау жобасын ұйымдастыру міндетін қойды, оны Алматы марафонына дайындықпен байланыстырдық. Осылайша, біздің компанияда Миллион Қадам Жүз Күнде жобасы пайда болды. Жобаның идеясын Instagram-да естідік.

Жобаның мақсаты – жүріп, энергия алу және пайдалы әдеттерді қалыптастыру арқылы жақсы физикалық формада болу. Ол үшін күн сайын кемінде 40 минут уақыт бөліп, жылдам жүріп, құлаққапсыз, мүмкіндігінше таза ауада жүру керек.

RIver

Жоба күн сайын 10 000 қадам жүруді жоспарлады, бірақ әркім өз жылдамдықпен жүріп, өзіне ыңғайлы уақытта Миллион қадамға жетті. Бір-бірімізді ынталандыру үшін апталық қорытындылар жасадық 😊

Жобаны 2025 жылдың 28 қыркүйегінде Марафон күні аяқтадық. Жобаға Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай, Тараз қалаларынан 36 адам қатысты. Осы уақыт ішінде 7 адам Миллион қадамды өтті, ал бір әріптесіміз Екі Миллион қадамды жүріп өтті!

Жоба энергия, жақсы көңіл-күй және ынталандыратын орта ретінде есте қалды.

Әріптестердің пікірлері:

Мен үшін таңқаларлық болғаны, мен физикалық тұрғыда жұмыс істедім, ал әсері, негізінен, психологиялық болды.

Жоба тәртіптілікке үйретті, әріптестермен жақындастырды және, әрине, физикалық денсаулыққа оң әсер етті.

Жоба аяқталғанымен, белсенді өмір салтына деген әдет қалды.

Бұл жоба мен үшін нағыз жаңалық болды. Менде 10 000 қадам жасау әдеті пайда болды, енді күн сайын серуендемей өтпейді.

Sunset

Келесі жазды және жаңа жобаны күтеміз!